Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктерінің болжауы бойынша соңғы күндердегі жылы ауа-райы, салқын күн райына ауысады.

Қазақстанның батыс облыстарында орналасқан циклон, солтүстік-шығыс бағытында жылжып келеді. Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы болады. Республиканың басым аумағында күн жаңбырлы, кей жерлерде желдің күші 15-25 м/с дейін болады деп болжануда.

Температура төмендейді, бірақ қалыпты нормадан 3-6ºС жоғары болып қала береді.