Басты бет Жаңалықтар Батыс Қазақстан облысында 11 жасар қызға азғындық іс-әрекет жасаған тұрғын алты жылға...

Батыс Қазақстан облысында 11 жасар қызға азғындық іс-әрекет жасаған тұрғын алты жылға сотталды

БҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 11 жасар қызға азғындық іс-әрекеттерін жасаған Теректі ауданының 38 жасар тұрғыны 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол енді жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

көрнекі сурет

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сонымен қатар 7 жыл мерзімге педагогикалық қызмет атқару құқығынан да айырылды.

Аталған тұрғын өткен жылы 20 тамызға қараған түні мас күйінде өз үйінің бір бөлмесінде ұйықтап жатқан әйелінің досының 11 жасар қызына зорлық-зомбылық көрсетпесе де, азғындық іс-әрекеттерге барған. Бұл оқиғаны келесі күні қыз анасына айтып берген.

Анасының арызы қаралып, ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жеткілікті дәлелдемелер жиналғаннан кейін өткен жылғы қазан айында айыпталушы өз кінәсін мойындамаса да, қамауға алынған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version