Қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағындағы жер сілкінісін тіркеді

ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 29 ақпан күні сағат 09.48-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан, афтершок. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10,3. Жер сілкінісінің магнитудасы — 4,4, — делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы мәлімет жоқ.