Синоптиктер 29 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады.

ҚР бойынша тұман түседі, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейеді.