Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 449–454 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 29 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 451,31 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,90 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449–454 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 450,1–452,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,77–4,92 аралығында саудаланып жатыр.