«Қазгидромет» РМК синопиктері 29 ақпан-2 наурыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Күнтізбе бойынша көктем келеді, бірақ қыс кете қоймайды.
Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Осыған қарамастан еліміздің оңтүстігі мен солтүстігіне екі циклон әсер етіп, жауын-шашын жауады, жел күшейеді. Температуралық фонда минус сақталады.
Тек Қазақстанның батысында ғана күндіз термометр бағаны 10 градус жылыға дейін жоғарылайды.