Басты бетЖаңалықтарБағила Балтабай жалғыз адамдық пикетке шықты

Бағила Балтабай жалғыз адамдық пикетке шықты

Бүгін Алматыдағы Арбат алаңында Қазақстан ата-аналар одағының мүшесі Бағила Балтабаева рұқсат етілген жалғыз адамдық пикетке шықты. Ол елде ЛГБТ-ның ашық насихатталғанына наразы.

Жалғыз адамдық пикет сағат 14.00-де басталды. Бағила Балтабай қолына ұстаған плакатына неге қарсы екенін жазған.

ЛГБТ елімізде ашық насихатталғанына наразымын. Жастардың санасын улап жатыр. Жыл сайын 8 наурызда феминистік ұйымдар әйел құқығын, бала құқығын қорғаймыз, зорлық-зомбылыққа қарсымыз деп отырып, шын мәнінде быржынысты некені насихаттап жүр. Тіпті енді соны заңдастыру керек деген мәселені көтере бастады. Содан соң заңды түрде асырап алу мүмкіндігіне ие болуды қарастырып жатыр. Мен мұны ұлт болашағына қауіп төндіреді деп есептеймін, — дейді Бағила Балтабаева.

Оның айтуынша, ЛГБТ өкілдеріне шеру мен митиң өткізуге рұқсат бермеу керек. Ол бұл пікірді қолдайтындар көп дейді.

Біз әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Халықтың 80-90%–і Қазақстанда біржынысты жұптардың ашық насихатталғанына қарсы. Бәріміз ұлт болашағы үшін алаңдаймыз. Біржынысты жұп — екі әйел бір ұл баланы тәрбиеледі делік немесе керісінше екі еркек бір қыз баланы тәрбиелесе, не болады? Ортадағы бала қандай азамат болып өседі? Бала туғаннан тек екі еркекті немесе екі әйелді көріп өседі. Кішкентайынан отбасылық модельді көріп өспеген қыз, қоғамға да сіңіп кете алмайды. Бұдан отбасы институты құлдырай береді. Ал отбасы институты әлсіз елде қоғам да күйрейді. Жалпы ЛГБТ біздің қазақы менталитетке жат. Бізде әкенің рөлі бөлек, ананың орны басқа, — дейді ол.

Бағила Балтабаева жалғыз адамдық пикетке әлі бір апта бойы шығады. Әкімдік оған мұндай наразылық шарасын 7 наурызға дейін өткізуге рұқсат берген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да