Басты бетЖаңалықтарДоллар 448–452...

Доллар 448–452 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 448–452 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 450,1–452 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 448,5–452,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 28 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 448,89 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,89 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,82–4,89 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,75-4,9 теңгеден сатылып жатыр.