Басты бет Экономика Қазақстандық Škoda Kodiaq көліктері 2017 жылдың соңында шығады

Қазақстандық Škoda Kodiaq көліктері 2017 жылдың соңында шығады

Жыл соңында Өскемендегі "Азия Авто" заводынан жаңа Škoda Kodiaq көліктері құрастырылып шығарылады.

Жоспар бойынша, көліктерді құрастыру сынағы 2017 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Ал, келесі жылдың басында олар сатылымға шығарылады. Барлық көліктер автоматтандырылған трансмиссиялы және моторынның күші 180 ат күшіндей болады.

Көліктің іші барлық техникалалық талаптарды сақтай отырып, соңғы технологиялармен жарақтандырылады.

Алдын ала бағасы Active нұсқасы үшін 10,2 млн теңгеден басталса, кең таралған Style нұсқасы үшін 11,8 млн теңгеге дейін барады. Бірақ, «кодиллактар» аталған сомадан қымбатырақ шығуы да мүмкін. Себебі оның бағасы Škoda компаниясына тәуелді. Мысалы, Ресейде ол 12,7 млн теңгеге сатылып жатыр.

Айта кетейік, дәл осындай сипаттардағы басқа да автокөлік маркаларының бағасы осы шамалас: Toyota RAV4 (9.9–12.5 млн теңге), Hyundai Santa Fe (11.1–14.8), Kia Sorento (9.8–11.4), Nissan X-Trail (9.2–11.8), Mitsubishi Outlander (8.8–13.5) мен Subaru Forester (10.2–13.2).

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version