Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 360...

Қазақстанда 360 түрлі мамандыққа сұраныс бар

Бұған дейін еліміз бойынша 85 мың оқушы колледждерде оқып келсе, биылғы жылы оларға тағы да 20 мың оқушы қосып, жалпы кәсіптік-техникалық салада оқитындар санын 100 мыңнан асыру жоспарланып отыр» — дейді Ерлан Саа.

Сондай-ақ, министрдің мәліметінше, жылына 20-25 мың бала не ЖОО-ға, не кәсіптік білім беретін мекемелерге оқуға бармай, мамандықсыз қалады екен.

«Сол үшін биылдан бастап облыс орталықтарымен бірлесіп, 825 мобильдік топ жұмыс істей бастады. Сонымен бірге облыстардағы кәсіпкерлік палаталарымен бірлесе отырып, жаңадан кәсіптік білім беру мекемелерінде оқитын студенттерді стипендиямен, жолақымен, жатар орынмен және бір реткі ыстық тамақпен қамтамасыз етпекпіз» — дейді Ерлан Сағадиев.

Арнайы білім алу мерзімі 1 айдан 6 айға дейін созылады.

«Қазіргі таңда бұл білімді беруге еліміздің 380 білім ошағы дайын. Ал әзірге 26 мың адам тіркелді. Астана, Ақтөбе қалаларында сәуірдің бірінен бастап арнайы оқыту орталықтары өз жұмыстарын бастап кетті. Оларда 350 адам білім алып жатыр. Жалпы осы жобаға мемлекет қоржынынан 3 млрд теңге қаржы қарастырылған» — дейді министр.

ДереккөзBaq.kz