Басты бетЖаңалықтарЕлімізге жұмыртқаны автокөлікпен әкелуге уақытша тыйым салынады

Елімізге жұмыртқаны автокөлікпен әкелуге уақытша тыйым салынады

Қазақстанға тауық жұмыртқасын автокөліктермен әкелуге алты айға тыйым салынады.

Ауыл шаруашылығы министрінің аталған бұйрығы 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқасын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, — делінген бұйрық мәтінінде.

«Ашық» НҚА-ға жарияланған бұйрық 1 наурызға дейін қоғам талқысына ұсынылып отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да