Бұл туралы әуекомпанияның корпоративтік коммуникациялар департаменті хабарлады.
«Бүгін Алматыдан Дубайға ұшып шыққан КС895 рейсі техникалық ақауға байланысты қайта оралып, сағат 08:33-те әуежайға қонды. Экипаж барлық халықаралық қауіпсіздік тәртіпке сай әрекет етті», – деп xабарлады Air Astana баспасөз қызметі.
Бортта барлығы 133 жолаушы болған. Ұшақ алмастырылып, сағат 10:15-те аталған бағыт бойынша ұшып шығады.