Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447–451 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,7–450,1 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 447–451 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 15 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 447,17 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,89 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,87–4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,9-4,97 теңгеден сатылып жатыр.

