Мәжіліс су кодексінің жобасын талқылауды бастайды

Парламент мәжілісінің қарауына ҚР су кодексінің жобасы мен ілеспе заң жобасы келіп түсті. Бұл туралы мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев палатаның жалпы отырысында айтты.

Биылғы 17 қаңтарда парламент мәжілісінің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 ақпандағы үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленген су кодексінің жобасын және ілеспе заң жобасын талқылауға қабылдады. Сонымен қатар жалпы су пайдаланудың 60%-тен астамы ауыл шаруашылығы саласының үлесіне келетінін ескеретін болсақ, су кодексінің жобасын, сонымен қатар салалық министрліктің мәселелерін мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің қарауына беруді орынды деп санаймыз. Осы ұсыныс мәжілістің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетімен келісілді. Жоғарыда айтылғандар негізінде, комитет заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, — деді Серік Егізбаев.