Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 32...

Қазақстанда 32 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 13-15 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

13-14 ақпанда фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр мен қар жауады, солтүстік өңірлерде қалың қар жауады. Бұрқасын, көктайғақ болады.

Сонымен қатар ауа температурасы батыста 5 градус аяздан 5 жылыға дейін, солтүстік, орталық шығыс өңірлерде — 5 аяздан +2 дейін жоғарылайды.

15 ақпанда циклон Қазақстан аумағынан жылжып, оның соңынан арктикалық антициклон енеді.  Салдарынан республиканың солтүстік жартысына аяз қайтып келеді.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанда ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 градус аязға дейін төмендейді.

Еліміздің қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгеріс болмайды.