Кейінгі аптада ел аумағында жеті кісі өлімі тіркелді

Бір апта ішінде 2 777 қылмыс жасалды, оның ішінде жеті адам өлімі тіркелді.

Бұл туралы ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір апта ішінде 2 777 қылмыс жасалды, оның 1 809-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» жеті кісі өлтіруді, төрт өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді анықтады. Одан бөлек, тәртіп сақшылары өткен аптада бір қарақшылық, 37 тонау және 299 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, — деді Шұғыла Тұрлыбек.