Басты бет / Қоғам /
Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: Olympic.kz

Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен бас жүлдені сарапқа салды.

Осыған дейін қарсыластар төрт мәрте кездескен еді. Есеп тең – 2:2.

Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина бет қаратпады – 6:1. Елена екінші сетте де брейкпен алға кеткенімен, ресейлік теннисші сол бойда таразы басын теңестірді – 2:2.

Есеп 4:4 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейк жасай алды – 5:4. Содан кейін матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4.

1 сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында Елена үш эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды.

Осылайша, биыл Елена Рыбакина WTA 500 жарысында екінші рет жеңімпаз атанды. Ол өткен айда Брисбенде (Аустралия) үздік шыққан еді.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok