Басты бетЖаңалықтарАсы обсерваториясының...

Асы обсерваториясының жанында қар көшкінінен жол жабылып қалды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 11 ақпанда сағат 09:10-да тау баурайында жалпы көлемі 67,5 текше метрді қар көшкіні өздігінен түсті.

Қар көшкіні облыстық маңызы бар «Түрген ауылы — Батан» автожолын бөгеген. Автожолды тазарту жұмыстарын «Қазселденқорғау» қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Түрген өзенінің арнасы бойынша су кедергісіз өтіп жатыр. Зардап шеккендер жоқ, ештеңе қирамаған.

Азаматтардың қауіпсіздігі және автокөлік қозғалысы мақсатында жолдың осы учаскесі бойынша жол 2024 жылғы 1 мамырға дейін Есік қаласы — Есік көлі және Түрген автожолының 15-шақырымынан 41-шақырымына және Түрген ауылы-Батан-Асы обсерваториясы автожолының 20-шақырымынан 41-шақырымына дейін жабылды, — делін «Қазселденқорғау» таратқан хабарламада.