Басты бетЖаңалықтарСтепногорск қаласы...

Степногорск қаласы жылусыз қалды: тексеру басталды

Ақмола облысындағы Степногорск қаласы жергілікті ЖЭО апатына байланысты жылу мен электр қуатынсыз қалды.

Қала әкімдігінің айтуынша, жағдай 10 ақпанда болған.

ЖЭО ақпараты бойынша 10 ақпанда сағат 13.27 – де 220кВ КЕГОК желісі бойынша электр қуаты үзілді, 14.07-де электр энергиясын беру қалпына келтірілді. 14.15-те бесінші энергетикалық қазандық пен су жылыту қазандығын жағу басталды. 14.20-да жылу трассасында айналымды қалпына келтіру үшін желілік сорғы іске қосылды. «Степногорск Теплотранзит» ЖШС сорғыларды іске қосады, — деп хабарлады әкімдік.

Қазір энергетика министрлігі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше «KEGOC» АҚ электр беру желісінің ажыратылуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын өндіруді азайтқан. Жылу электр орталығында технологиялық ақау жоқ.

Қазіргі таңда жылу электр орталығына электр қуатын беру қалпына келтіріліп, жылу желісіндегі температураны көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.