Қазақстандық сейсмологтар 10 ақпан күні сағат 06:41-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым жерде Қытай аумағында кезекті дүмпулерді тіркеді.
«СОМЭ» ЖШС мамандарының айтуынша:
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 9.6.
- MPV магнитудасы: 4.2.
- Тереңдігі: 5 км
- Қазақстан аумағында сезіну (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.
Бұған дейін сейсмологтар Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде таңғы сағат 05:01-де дәл осындай дүмпулерді тіркеген. Оның магнитудасы — 4,5. Жер сілкінісінің энергетикалық класы бірдей: 9,6. Қазақстан Республикасының аумағында байқалмады.