8 ақпан сағат 09.30-дағы ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 61 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Бұл туралы «Қазавтожол» Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.
- Ақмола облысында – 14 учаске;
- Ақтөбе облысында – 16 учаске;
- Атырау облысында – екі учаске;
- Жамбыл облысында – төрт учаске;
- Жетісу облысында – бір учаске;
- Батыс Қазақстан облысында – үш учаске;
- Қарағанды облысында – үш учаске;
- Қостанай облысында – 10 учаске;
- Қызылорда облысында – бір учаске;
- Солтүстік Қазақстан облысында – төрт учаске;
- Түркістан облысында – бір учаске;
- Ұлытау облысында – екі учаске.
Осы уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 633 бірлік техника және 1 023 жол маманы жұмылдырылды, — делінген хабарламада.