Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған африкалықтар анықталды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов айтты.
Ведомство мәліметінше, заңсыз жүрген Африка азаматтары қаланың әртүрлі нысанынан табылды.
Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 16 шетелдік азамат полиция департаментінің қабылдап-тарату орнына орналастырылды, Африка елінен келген тағы сегіз азаматты Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару мәселесі шешіліп жатыр. Сонымен қатар басқа да бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр, – деді Асхат Бутунчинов.