Басты бет Жаңалықтар Google ақпараттың рас-жалғанын анықтайтын технология шығарды

Google ақпараттың рас-жалғанын анықтайтын технология шығарды

Google компаниясының мәліметінше, енді әлем бойынша шыққан материалдардың рас-өтірігін тексеру мүмкіндігі туды. Жаңа қызметті іздеу жүйесі мен Google News жаңалықтар қызметінен тұтынуға болады.

Фото: lampalampa.net

Қандай да бір деректі оқығанда жанындағы сілтемеде жалған ақпараттарды анықтайтын PolitiFact немесе Snopes сайттарындағы деректер келтіріледі. Онда деректің ақиқат, яки жалған екендігі жазылады. Қызметтегі материалдар әкімшілердің тексеруінен өтіп отырады.

Google компаниясының мәліметі бойынша, бұл операция әр сұраныс сайын беріліп отырады.

Google News-те жарияланатын басылымдар fact check белгісін алу үшін schema.org, Duke University Reporters Lab және Jigsaw секілді арнайы құралдарды пайдалануы керек. Сонымен қатар, басылымдарға қойылатын Google News Publisher-дің арнайы талаптарын сақтау керек.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version