Басты бетЖаңалықтарАзаматтығынан айырылғандарға...

Азаматтығынан айырылғандарға арнайы куәлік беріледі

Азаматтығынан айырылған адамдардың отбасы мен туыстарының құқықтары шектелмейді.

Дархан Игембаевтың айтуы бойынша, мұндай тұлғалардың өзі де елден шығарылмайды. Заң алдындағы жазасын өтегеннен кейін олар жұмысқа орналасып, тіпті жеке кәсібін де аша алады. Алайда мемлекеттік қызметте істеуге рұқсат берілмейді. Сондай-ақ олардың қолына төлқұжаттың орнына арнайы куәлік беріледі әрі шетелге шығуына да болады.

«Азаматтықтан айыру жазасы міндетті түрде қосымша жаза ретінде көзделеді. Ол соттың қарауына сәйкес шешіледі. Яғни азаматтықтан міндетті түрде айыру деген норма жоқ. Қылмыс жасаған адамдың әрекетін зерделей отырып, зардап шеккен адамдардың жағдайын зерделей отырып, сот өзі шешеді», — деді Дархан Игембаев.

Еске сала кетейік, мұндай шара кәмелетке томағандарға қолданылмайды.

Дереккөз24.kz