Басты бетЖаңалықтарБасқарудың жаңа...

Басқарудың жаңа кезеңі: Олжас Бектенов үкімет басшысы болды

Мәжіліс депутаттары премьер-министр лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновті тағайындауға келісім берді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мәжіліс депутаттары үкімет басшысы кандидатурасын талқылағаннан кейін «Қазақстан Республикасының президентіне Қазақстан Республикасы премьер-министрі лауазымына Бектенов Олжас Абайұлын тағайындауға келісім берілсін» деген қаулы жобасына дауыс берді.

Президент тиісті жарлыққа қол қойды.

Олжас Бектеновті 69 депутат қолдап, жеті депутат қарсы дауыс берді.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысына Amanat партиясының атынан премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды.