Чилидің Вальпараисо аймағындағы орман өртінен қаза болғандар саны 112-ге жетті. Бұл ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады.
Кейінгі мәліметтер бойынша 112 адам қаза болды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Чили президенті Габриэль Борич 64 адамның қаза болғанын хабарлаған еді. Ол қайғылы оқиға құрбандарының саны арта түсетінін мәлімдеді. Елде екі күндік аза тұту жарияланды.
2 ақпанда президент өртке байланысты Вальпараисода төтенше жағдай жариялады. Сонымен қатар өрт сөндірушілердің еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін облыста сағат 08.00-ден 12.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.
Биліктің мәліметінше, жалын 40 мың гектардан астам аумақты шарпыған.