Басты бетЖаңалықтарАлматыда үшінші...

Алматыда үшінші теміржол вокзалы қашан салынады?

Алматы-3 теміржол вокзалы Алатау ауданының аумағында салынады. Жаңа вокзалдың жобасын 2027-ші жылға қарай аяқтау жоспарда тұр.

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, Алатау ауданындағы Алматы-3 вокзалының құрылысы агломерацияны дамыту жөніндегі жобалар кешеніне кіреді.

Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар легінің бір бөлігін қайта бағдарлауға, сонымен қатар айналымға қосымша жолаушылар пойыздарын қосуға мүмкіндік береді, соның есебінен қалалық автожол инфрақұрылымының көлік жүктемесі азаяды.

Вокзал мәдениет шағын ауданы маңында салынады. Платформаны «Қазақстан темір жолы» салады. Біздің басты міндетіміз – егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында (ЕТЖ) вокзал мен вокзал маңындағы алаңды қамтамасыз ету болды. Қазір техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Вокзал мен алаңның жобалары бойынша мерзімдер — 2026-2027 жылдар деп қарастырып отырмыз, – деді Асқар Әмрин.