Ақтауда аққулардың қырылуына байланысты Rixos қонақүйіне әкімшілік іс қозғалды

Ақтаудағы Rixos қонақүйін басқаратын Aktau Tourism Ltd компаниясына қарсы әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Lada сайты жазды.

Тексерістің нәтижесінде Aktau Tourism Ltd компаниясының экология заңнамасын бұзғаны анықталған. Осы үшін «Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу» және «Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу» баптары бойынша іс қозғалған. Қазір айыппұл мөлшері есептеліп жатыр.

Еске салайық, аққулардың қырылуына Қаракөлге құятын сужібергіш жабдықтағы судың шамадан тыс ластанғаны себеп болып, Rixos Aktau қонақүйінде тексеріс басталған.