Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Akorda.kz жазды.
Әңгімелесу барысында Украина президенті Қазақстанның қоғамдық ұйымдары арқылы еліне көрсетілген гуманитарлық көмегі үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сонымен қатар таяуда Давоста 80-нен астам елдің өкілдері қатысқан «бейбітшілік формуласы» атты кездесудің қорытындысы және Швейцарияда өтетін кезекті жаһандық саммитке дайындық барысы жөнінде жан-жақты мәлімет берді, – деп жазды Akorda.kz.
Мемлекет басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін де талқылаған.