Басты бетЖаңалықтарАлматыда базарлар...

Алматыда базарлар аумағы көгалдандырылады

Жан-жақты жоспарлаудың жаңа жобалары бойынша сауда кеңістіктерін айтарлықтай жаңартылады. Бұл туралы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы хабарлады.

Мысалы, Алмалы ауданында Розыбакиев көшесінің бойындағы «Тастақ» және «Көтерме сауда» базарлары модернизацияланады. Жетісу ауданында Солтүстік айналма жолы бойындағы базарларды жаңғырту және су қорғау белдеулерін абаттандырып, тазарту көзделген. Бұл шаралар сауда алаңдарының сапасын едәуір арттырады және келушілер мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасайды.

Жалпы, саябақтарды, скверлерді, бульварларды қоса алғанда, жалпы жасыл желек алаңын 2030 жылға дейін үш есе ұлғайту көзделген, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар жүрдек көлік қаңқасын және өзара байланысты көшелер желісін енгізу есебінен қаланың барлық аудандары бір-біріне интеграцияланатын болады. Қала тұрғындары қаланың кез келген жеріне оңай бара алады. Мұндай қозғалыстар дәлізі бизнес үшін, оның ішінде сауда саласында да тартымды болады.

Фото: Алматы әкімдігі

Осылай, жан-жақты жоспарлау жобалары тұрақты және функционалды қалалық кеңістікті құруға бағытталған. Олар қала құрылысын аймақтарға бөлудің, қызыл сызықтардың, халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін аумақтарды резервтеудің, көше-жол желісін ұйымдастырудың, инженерлік коммуникацияларды трассалаудың, аумақтарды абаттандыру мен көгалдандырудың негізгі бағыттарын белгілейді.