Алматыда ауа райының нашарлауы мен қар түріндегі жауын-шашынға байланысты тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.
Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Департаменттің мәліметінше, үндеу негізінен көлік құралдарын басқаратын қала жүргізушілеріне арналады.
Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін көрсетуге және мұқият болуға шақырамыз. Бұл үндеу қазіргі уақытта өте өзекті және қала жолдарында қайтымсыз салдары бар апаттарды болдырмауға көмектеседі, — делінген хабарламада.