Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысында...

Түркістан облысында білім саласында 530 миллион теңге жымқырылған

Түркістан облысы Жетісай ауданында білім бөлімінің есепшілері 530 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. 

Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. 

Облыс прокуратурасы «Жетісай ауданының білім бөлімі» ММ бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл мекеменің бухгалтерлері 2021-2023 жылдар аралығында алдын-ала сөз байласып, мектеп қызметкерлерінің анкеталық мәліметтерін өзгерту арқылы жалақыға бөлінген мемлекет қаржысын аса ірі мөлшерде жымқырғаны анықталды. 530 миллион теңге залал келтірілген, — делінген хабарламада. 

Үш күдікті сот санкциясымен екі айға қамалды.