ҰҚК: 13 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды

ҰҚК шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында қаңтарда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, бірқатар заңбұзушылықты анықтады.

Атап айтқанда, шекара кеңістігінде 2 776 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушы ұсталды. Соның ішінде 13 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды, 19 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

Мемлекеттік шекара арқылы 881 заңсыз алып өту фактілерінің алдын алды. Соның ішінде 50 есірткі заттары бар, оның жалпы салмағы  3,3 кг. Мұнымен қоса 25 ату қаруы мен оқ-дәрілер (15 дана ату және 1 451 дана суық қару, 101 дана оқ-дәрілер); 47 – діни әдебиет (1 757 дана); 281  жалпы сомасы 9 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (37 600 литр); 408 – жалпы сомасы 1,2 миллиард теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар; 70 – жалпы сомасы 940 миллион теңгеден астам валюта, — делінген хабарламада.

Каспий акваториясында екі браконьерлік фактінің алдын алды. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 900 метр тор болатын браконьерлік аулау құралдары үш дана (12 кг) бекіре тұқымдас балық, 2 данаитбалық. Алдын алған залал сомасы – 6 миллион теңге. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ. Барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеді.