Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болды. Бүгін, 1 ақпанда республика Азаматтық авиация қызметкерлері күнін атап өтеді.
Бұл туралы көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Комитеттің мәліметінше, жаңа мереке туралы ұсынысты Қазақстанның азаматтық авиациясы соғыс және еңбек ардагерлерінің бірлескен кеңесі енгізген.
Азаматтық авиация комитеті бұл мерекені айқындау бойынша барлық тиісті жұмысты атқарды, ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бастаманы қолдады. Кәсіби мереке азаматтық авиация саласындағы іс-шараларға ерекше мән береді және мемлекеттің жас авиаторларының патриоттық рухын дамытуға ынталандыру болады, — деді комитет өкілдері.