Шымкентте кезекті ашық конкурспен екі мектеп директоры тағайындалды

Алғашқы сынақ бойынша облыс орталығындағы екі бірдей білім ұясы басшылығына үміткерлер таңдалды. Білім ұясының басшылық қызметіне тағайындаудың жаңаша үрдісі ең алдымен, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу үшін таптырмас тәсіл. Тағы бір оңтайлы тұсы – директорлық лауазымға өз ісінің білгірлері ғана таңдалып алынады. Мұндай тәжірибе түстікте тұңғыш  рет қолданылып отыр.

мектеп директоры шымкент әкімі

Комиссия мүшелері мұндай сүзгіден өтіп барып, тағайындалған директор кадр сапасына жеңіл-желпі қарамайтындығын айтып өтті. Алғашқы сын бойынша №71 жалпы орта мектебінің басшылық лауазымынан 6 үміткер комиссия қабылдауына қатысты. Солардың ішінен мектеп директорлығы лауазымына Орынбай Қамысбаев лайық деп танылды. Ал, №118 жалпы орта мектебіне 2 үміктр қатысып, біліктілігі, басшылық қабілеті жағынан Әбу Қалмұрат Әбенұлы осы лауазымға лайық деп танылды.

Үміткерлер жеке-жеке Қазақстан Республикасының Заңдарын қаншалықты білетіні, құқықтық нормативтік құжаттар, ұжымды басқарудағы, оқу әдістемелік процесін жақсарту жолындағы біліктілігі сарапқа салынды. Айта кетерлігі, бұған дейін мектеп директорлары Білім басқармасының ұйғарымымен ғана тағайындалатын. Шаһар басшысы алдағы уақытта қаладағы мектептердің барлығына бақылау жүйесін енгізетінін жеткізді.