Басты бетЖаңалықтарҚызылордада Cамара-Шымкент...

Қызылордада Cамара-Шымкент тасжолының бірқатар бөлігі жабылды

Қызылорда облысының оңтүстігінде күн бұзылды. Осыған байланысты «Самара-Шымкент» автомобиль жолының бірқатар бөлігінде жол жабылды.

Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде қар аралас жаңбыр, нөлден төмен температура көрініс берді.

Салдарынан ауа райының күрт нашарлауы байқалды.

Астана уақытымен 30 қаңтар 22.20-ден бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1802-2055,5 шақырым аралығына барлық көліктің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Қызылорда қаласынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралықты қамтиды, — делінген хабарламада.