Алматыда су құбырында болған апат салдарынан бірнеше үй сусыз қалды

Алматының Наурызбай ауданында жерасты су құбыры жарылып, 40-тан астам тұрғын үй мен жедел жәрдем станциясы суық сусыз қалды.

Бұл туралы «Алматы Су» кәсіпорны хабарлады.

Алатау даңғылындағы диаметрі 350 мм қалалық жерасты су құбыры жарылып, осыған байланысты бірқатар тұрғын үй суық судан ажыратылды.

Алатау даңғылы мен Сәбденова көшесінің қиылысындағы су желілерінің ақаулы бөлігін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Шұғыл» ықшамаудан тұрғындарына суды сағат 17.00-ге дейін береміз, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 19-21 қаңтар күндері аталған учаскеде апатты жою жұмыстары жүргізілген.