Бүгін, 30 қаңтар таңғы уақытта Алматыда екі мәрте жер сілкінді.
Бұл жағдайды сейсмикалық станциялар желісі тіркеген.
Бірінші дүмпу сағат 03.03 кезінде болды. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында. Афтершок.
Дүмпудің энергетикалық санаты — 10.5. MPV магнитудасы — 4.5. Тереңдігі — 10 шақырым. Алматыда сезілген жоқ.
Екіншісі таңғы 04.27 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді. Энергетикалық санаты — 13.3. MPV магнитудасы — 5.8. Тереңдігі — 10 шақырым.
Жер сілкінісі алматылықтарға 2 балл көлемінде сезілді.