Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда тыйым...

Қазақстанда тыйым салынған есірткілер тізімі жаңарды

Кейінгі уақытта нашақорлар дәріханалардан шықпайтын болды. Олар түрлі дәрілерден қоспа жасап, есірткі орнына пайдаланатын болған.

Осыған байланысты елімізде бақылауға жататын есірткі мен психотропты заттардың тізімі жаңарып отыр. Үкімет қаулысы бойынша, төмендегі дәрілер есірткі тізіміне енді:

  • Брорфин;
  • Пара-флуорофентанил (пара-фторфентанил);
  • Метонитазен.

Ал «Психотропты заттар» тізіміне 3-метоксифенциклидин және эутилон қосылып отыр. Медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылауға жататын есірткі мен «психотропты заттар» тізімі де жаңарғанын атап өткен жөн. Олар:

  • Клоназолам;
  • Диклазепам;
  • Флубромазолам.

Үкіметтің қаулысы 2024 жылғы 6 ақпанда күшіне енеді.