Басты бетЖаңалықтарАқмола облысының...

Ақмола облысының тұрғыны заңсыз елік аулаған

Ақмола облысында елік атқан адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

26 қаңтарда ауыл тұрғыны тұрғылықты үйінің терезесінен елдімекенге кіріп, көрші үйдің аумағында жүрген үш сібір елігін көрген. Ер адам үйде сақталған ТОЗ маркалы мылтықты алып, жабайы жануарларға бірнеше рет оқ атқан, — делінген хабарламада.

Бір елікке оқ тиіп, басқалары қашып құтылған. Полицейлер күдіктіні еліктің етін бұзып жатқанда ұстаған. Оның қаруы да заңсыз сақталған. Қазір тергеу жүріп жатыр.