Қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін Алматының жер қатынастары басқармасы былтыр 222 жер телімін сатып алған.
Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
- Мәселен, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық;
- Бостандық ауданында жайлы мектеп салу Әуезов ауданы Қуаныш шағынауданындағы № 18 емхана;
- Абай-Тұрғыт Өзал даңғылын абаттандыру және көгалдандыру;
- Бостандық ауданындағы «Молодежный» саябағын салу;
- Алатау ауданы Мұхитдинов көшесіндегі балабақша;
- Түрксіб ауданы Әлмерек шағынауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория, балабақша және т. б. жобалар бойынша сатып алу аяқталды.
2023 жылы қалада жер комиссиясының төрт отырысы өткізіліп, 2818 өтініш қаралды, Алматы әкімдігінің 1 478 жеке тұлғаға және 2 448 заңды тұлғаға қатысты 516 оң қаулысы қабылданды. Қазіргі кезде Алматының жер көлемі 68,3 мың гектар, — делінген хабарламада.