Басты бетЖаңалықтарҚызылорда облысында...

Қызылорда облысында Самара-Шымкент республикалық трассасы жабылды

Қызылорда облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты Самара-Шымкент автомобиль жолының бірқатар бөлігіне шектеу енгізілді.

Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті хабарлады.

Бүгін, 29 қаңтарда Қызылорда облысында күн райы күрт бұзылды. Қарлы боран және нөлден төмен температура көрініс берді.

Осыған байланысты „ҚазАвтоЖол“ АҚ Қызылорда облысы филиалы тарапынан Астана уақытымен 29 қаңтар түнгі 01.50-ден бастап республикалық маңызы бар „Самара-Шымкент“ автомобиль жолының 1940-2055,5 шақырым аралығына барлық көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Шиелі ауданынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралықты қамтиды, — делінген хабарламада.