Алматының оңтүстік-шығысында тағы бір жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісі сейсмикалық станциялар желісінде 27 қаңтарда сағат 06.37-де Алматы уақытымен тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытайдың аумағында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.9. MPV магнитудасы 4.6. Эпицентрдің координаттары 40.97° С. Е. 78.43° ш. б. жату тереңдігі — бес километр. Сезілгені туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): ҚР аумағында сезілген жоқ.