10 автобус жүргізушісі қоғамдық көлікті мас күйде айдаған

10 автобус жүргізушісі қоғамдық көлікті мас күйде айдаған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Елімізде бес күндеполицейлер жол қозғалысын қадағалау кезінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 5 470 жол қозғалысы ережесін бұзушылықты анықтады. Оның ішінде алкогольдік масаң күйде көлікті басқарудың 10 фактісі тіркелді. Мысалы, Петропавлда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Volkswagen Transporter көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде полицейлер микроавтобус жүргізушісінің мас күйінде екенін анықтады. Мұны медициналық куәландыру актісі растады. Көлік арнайы автотұраққа жіберілді.

Ақмола облысында да осындай жағдай болды. Операция барысында полиция қызметкерлері Жақсы — Есіл — Бузулук автожолдарына Қостанай тұрғынының басқаруымен Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты. Іс жүргізу барысында полицейлер жүргізушінің жолаушыларды жеке тасымалдаумен заңсыз айналысқанын анықтады.