Алматыда 24 қаңтардан бастап 92 бағытта жаңа автобустар жүре бастайды. Бұл туралы «АлматыЭлектроТранс» ЖШС хабарлады.
«АлматыЭлектроТранс» ЖШС-ның мәліметінше, Golden Dragon маркасының төмен еденді 12 метрлі автобустары жолға шығады.
Автобустар жайлылықты арттыруға және жолаушылардың қауіпсіздігі үшін арналған заманауи технологиялық жиынтықпен жабдықталған. Сонымен қатар бейне тіркегіші бар. Жалпы сыйымдылығы 113 орын, оның ішінде 28 отыратын, 85 тұруға арналған орындар. Бұған дейін 92 бағытта Zhong Tong маркалы автобустар жүретін, — делінген хабарламада.
Сонымен бірге автобустардың саны 22-ден 25-ке дейін көбейген. Бұл қоғамдық көлікті күту уақытын қысқартып, сервис сапасын жақсартуға мүмкіндік бере түспек.