Алматыда бүгін түнімен афтершоктар үзілген жоқ. Сейсмикалық станциялар желісі тағы екі жер сілкінісін тіркеді.
Бұл жолғы дүмпу таңғы сағат 08.39 кезінде болды. Тербеліс ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 212 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында. Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.3. MPV магнитудасы — 4.4. Тереңдігі — 10 шақырым. Алматыда сезілген жоқ. Афтершок 10-15 минутта тағы қайталанды.
Астана уақытымен таңғы 08.54 шамасында тағы жер сілкінді. Дүмпудің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде, Қытай аумағында болды. Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.4. MPV магнитудасы — 5.1. Тереңдігі — 5 шақырым. Алматыда сезілген жоқ.
Жалпы кейінгі төрт жер сілкінісін де қазақстандықтар сезбеді. Мұның алдында таңғы 05.50 және 07.35 кезінде екі зілзала болған еді.