Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев университетіне бөлінетін қаржыға білім тапсырысы және мақсатты депозиттер кіретінін мәлімдеді.
Назарбаев университетіне өткен жылдағыдай шамамен 42 миллиард теңге қаржы бөлеміз. Алдағы үш жылда университетке қолдау көрсетеміз. Мемлекеттен бөлінген қаржыға мемлекеттік білім тапсырысы және мақсатты депозиттер кіреді. Сондықтан, алаңдаудың қажеті жоқ, — деді Саясат Нұрбек үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар министр алдағы үш жыл бойы бөлінетін қаржының бюджетте бекітілгенін айтты.