Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы барлық...

Алматыдағы барлық жиналу нүктесі ашық тұр

Қаланың әр аймағында төтенше жағдай кезінде халық жиналатын орындардың бәрі жұмыс істеп тұр. Көбінесе бұл құрылыс стандарты мен ережелерге сәйкес келетін білім беру ұйымдары: мектептер, балабақшалар, колледждер мен университеттер.

Бұл туралы әкімдіктен хабарлады.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, барлық мәлімет 2ГИС Алматы платформасында орналасқан. Іздеу кезінде «зардап шеккен халықты қабылдау пункті» деп терсеңіз, картадан халық жиналатын орындар көрсетіледі. Мұндай деректер Алматы қаласы ТЖД және аудандық әкімдіктердің ресми сайтында қолжетімді.

Қазіргі уақытта аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу орындарында. Сонымен қатар, барлық стационар, перзентхана, жедел жәрдемнің қалыпты режимде жұмыс істейтіні туралы хабарлаймыз. Жалған ақпарат таратпаңыздар. Барлық дерек тек Алматы қаласының ТЖД ресми сайтына шығады, — делінген хабарламада.