Алматыда қуатты жер сілкінісі болды.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00.09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.
Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.