Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Башқұртстан басшысы Радий Хабировтың алдағы сапары туралы хабарлады.
Башқұртстан басшысының Астанаға сапары 23-24 қаңтарға жоспарланған.
Сапар аясында башқұрт делегациясы Қазақстан-Башқұртстан бизнес форумына, сонымен қатар екі республика арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысады, — деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.